15.09.2023ж күні «№4 ЖББМ» КММ-сінде мектепішілік жалпы ата-аналар жиналысы өтті. Жиналысқа мектеп әкімшілігі мен педагогтер, мектеп инспекторы, ата-аналар комитеті, қамқоршылық кеңес мүшелері және мектеп ата-аналары қатысты. Күн тәртібінде төмендегі мәселелер қаралды:
1. Жаңа оқу жылындағы оқу – тәрбие жұмысын ұйымдастырудағы ерекшеліктер
Оқу ісінің меңгерушілері: А. Сарғожаева
2. Жаңа оқу жылындағы мектеп формасына қойылатын талаптар. Қауіпсіздік ережелері. Үйірмелер туралы
ДТЖО: А. Кабулова
3. Білім алушыларды тегін ыстық тамақпен қамтамасыз ету.
Әлеуметтік педагог: Ш. Абыханова
4. Былтырғы ата-аналар комитетінің жұмысына талдау жасау, 2023-2024 оқу жылына арналған ата-аналар комитетінің мүшелерін сайлау
Ата-аналар комитетінің мүшесі: А. Тастайбекова
Алғысөзді мектеп басшысы Д. Тлепбергенқызы ата-аналарды жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтап, күн тәртібімен таныстырды.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша баяндамашылар сөз сөйлеп, ата-аналар қауымы, қамқоршылық кеңес мүшелерімен бірге талқыланды.
Жаңа оқу жылындағы өзгерістер, оқушылардың ыстық тамақпен қамтылуы, мектеп формасы жайлы бұйрықпен таныстырылып, ортақ шешім қабылданды.
Жаңа оқу жылына ата-аналар комитетінің жаңа мүшелері сайланды.
Ата –аналар қауымы атынан сөз алған ата-аналар жиналыс барысындағы көтерілген мәселелерді қолдап, мектеп ұстаздарына алдағы уақытта сәттілік тіледі. Қамтылғаны: 320